+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

«ҚазМұнайГаз» еншілес ұйымының басшысы пара алды деп айыпталып отыр

2019 жылғы 22 қазан 12:44
Бөлісіңіз:
«ҚазМұнайГаз» еншілес ұйымының басшысы пара алды деп айыпталып отыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды Ауыр жүк көлігі иелерінен пара алып келген инспекторлар сотқа тартылды Жемқорлықпен күресушілер адамдарды азаптады деген күдікке ілініп отыр

«KMG EP-Catering» ЖШС - Маңғыстау облысының аумағында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарын тамақтандыратын «ҚазМұнайГаздың» 100% еншілес ұйымы.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры мен аталған серіктестіктің сатып алу бөлімінің бастығына қатысты «сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады» деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар азық-түлік алу және жеткізу мәселесінде оң шешім танытқаны және алдағы жасайтын қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 3 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Күдіктілер мен олардың қорғаушыларының кінәсін мойындауына және келу туралы міндеттемесі жазылған өтініштің келіп түсуіне байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT