«ҚазМұнайГаз» биыл қандай көлемде мұнай өндіретінін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2021 жылы өндіруді жоспарлап отырған мұнайдың болжамды көлемін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ОПЕК+ аясындағы шектеулердің «ҚазМұнайГаз» компаниясына да қатысы бар. Біз айсайын қанша мұнай көлемін өндіретінімізді саланың реттеушісі – Энергетика министрлігімен келісіп отырамыз. Қазіргі уақытта жағдай жылдам өзгеріп тұрады. Соған орай жалпы өндіру көлемі қанша болатындығын айту өте қиын. Дегенмен, оның 2020 жылғы деңгейге таяу болатындығын күтеміз. Яғни, ҚазМұнайГаздың ірі жобалардағы үлесін есепке алғанда шамамен 21-22 млн тонна болмақ», - деді ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, компанияның түсімі 2019 жылғы 6 859 млрд теңгемен салыстырғанда, 2020 жылы 4 556 млрд теңгені құрады. EBITDA көрсеткіші 1 151 млрд теңге болды. Компанияның таза пайдасы 172 млрд теңгеге жетті. Бос ақша ағыны 88 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы 31 желтоқсанда компанияның таза қарызы 6 162 млн АҚШ долларға жетіп, 2019 жылдың соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Таза қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 2020 жылғы 31 желтоқсанда 3,4 пайызға төмендеп, 9 690 млн АҚШ долларын құрады.



Соңғы жаңалықтар