«ҚазМұнайГаз» басшысы Бакуде SOCAR президентімен кездесті және Батумиде компанияның активтерін аралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Баку қаласына жұмыс сапары аясында Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровшан Наджафпен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде Транскаспий инфрақұрылымын дамыту бағытында компаниялар арасындағы өзара іс-қимыл мәселесін талқылады. М.Мырзағалиевтің жұмыс сапары Грузияның Батуми қаласында жалғасты. Басқарма төрағасы Батуми мұнай терминалы мен Батуми теңіз портының жұмысымен танысты.

2008 жылы ҚМГ-ның еншілес компаниясы – «ҚазТрансОйл» АҚ Батуми мұнай терминалының (БМТ) активтерін сатып алған. Батуми терминалы Батуми теңіз портын 2055 жылға дейін басқару құқығына ие. БМТ компаниялар тобының 2021 жылдағы пайдасы 2,5 млрд теңгеге жуықтады.

Атап айтқанда, терминал Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Грузия және басқа да елдердің тұтынушыларына мұнай мен мұнай өнімдерін тиеу, құю және жинақтау қызметтерін көрсетеді. Порт құрғақ, үйінді және бас жүктерді ауыстырып тиеу, сақтау және қоймалау қызметтерін, сондай-ақ кемелер мен басқа да көлік құралдарына қызмет көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар