ҚазМұнайГаз атын жамылған алаяқтар күмәнді іске ақша салуға шақырып жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» атын жамылған алаяқтар азаматтардың қаржысын тартуға талпынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда алаяқтар Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт ашқан.

Олар осы жайында видео таратып, халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмайтынын мәлімдейді. Тараған жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар. Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың рас-өтірігін анықтап алыңыз» деп ескертеді ұлттық компания.

Еске сала кетейік, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы бүкіл ақпаратты www.kmg.kz сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.


Соңғы жаңалықтар