«ҚазМұнайГаз» 2015 жылы әлемдік 30 озық компания қатарына енуді көздеп отыр - Қ.Қабылдин

None
None
анның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «ҚазМұнайГаз» компаниясы 2015 жылы 30 алдыңғы қатарлы әлемдік мұнай компанияларының арасына енуді мақсат етіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған компанияның басшысы Қайыргелді Қабылдин мәлім етті,

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» мұнай компанияларының рейтингісінде 50 орында тұғырланды. Біз мұнай қоры мен өндіру деңгейі бойынша 2015 жылы 30 алдыңғы қатарлы әлемдік мұнай компанияларының арасына енуді стартегиялық мақсат етіп отырмыз. Компания көмірсутегі шикізаты қорын өсіруді жоспарлап отырғандығына тоқталған ол, қазіргі кезде компанияның балансында 611 млн. тонна мұнай мен 62 млрд. текше метр газ бар екенін айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш артатын болады. «Мұнай өндіру көлемін арттыру көзделуде. Бүгінде ол жылына өндірілетін 18,3 млн. тоннадан 2020 жылы 40 млн. тоннаға дейін жоспарланып отыр», деді Қ. Қабылдин.

Соңғы жаңалықтар