«Қазмедиа орталығы» Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағының мүшесі болды

None
None
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күннен бастап «Қазмедиа орталығы» Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағының ресми түрде толыққанды мүшесі болды.

Бұл туралы «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағы (The Asia-Pacific Broadcasting Union, ABU) 1964 жылы құрылған коммерциялық емес, үкіметтік емес кәсіби қауымдастық, ол өңірде телерадио хабарларын таратуды дамытуға, сондай-ақ хабар таратушылардың аймақтық және халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесіп, телерадио хабарларын таратушылардың ұжымдық мүдделерін ілгері жылжытады. Ірі спорт шараларының трансляция жасалуына құқықтарды алу жөнінде келіссөздер жүргізеді және оның аймақта көрсетілімін ұйымдастырады.

 «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы ABU мүшелігіне өтуге осы жылғы тамызда өтінім берген болатын. Бүгін, 14 желтоқсанда 4 айлық келіссөздерден кейін ABU мүшелігіне кіргенін ресми қуаттайтын хабар алынды. Бұл біз үшін маңызды оқиға, - деп атап өтті «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясының бас директоры Қанат Сахариянов. - Біз осы беделді ұйымға қатысушы ретінде озат әлемдік тіәжрибеге, жаңа технологияларға, білімдерге қол жеткізе аламыз, медиасаладағы әлемдік процестерден хабардар болып отырамыз».

 «Қазмедиа орталғындағы» тағы бір маңызды оқиға - «Ресейдің «Останкино» телерадио хабарларын тарату орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның басты мақсаты - тәжірибе алмасуды, жаңа технологияларды пайдалануды және бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейтін телерадио хабарларын тарату саласындағы жан-жақты ынтымақтастыққа қол жеткізу мүмкіндігі туындады.  

Соңғы жаңалықтар