«Қазқұтқару-2021»: Қазақстанда құтқару көпсайысынан халықаралық жарыстар басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 23 қыркүйекте Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстардың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстарға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ТЖМ құтқару бөлімшелері және Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметші-құтқарушылары қатысып жатыр.

Құтқару көпсайысы және әскери үшсайыс бойынша жарыстардың бас төрешілер алқасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасақтары мен шет мемлекеттердің төтенше жағдайлар ведомстволарына қатысушы командалар арасында құтқарушылардың үздік командаларын анықтайды.

Жарыстың мақсаты құтқарушылардың кәсіптік даярлығын жетілдіру және тәжірибе алмасу болып табылады.

Жарыс 3 қашықтықты, атап айтқанда «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы, «Акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары» қашықтығы, «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы қамтиды.

Жарыстың бірінші күні қатысушылар «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» құтқару көпсайысы бойынша қашықтықтар мен «Кросс» және «Кешенді күштік жаттығулар» әскери-құтқару үшсайысы бойынша қашықтықтардан өтеді.

Жарыстар 23-27 қыркүйек аралығында өтеді.


Соңғы жаңалықтар