«Қазкомның» ипотекалық қарыздарын «Халық банкі» қайта қаржыландырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру міндетінің бір банктен екінші банкке ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Казкоммерцбанк» АҚ-ны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ына қосу арқылы  екі банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырып, ақпараттық жүйелерін өзара ықпалдастыруға байланысты «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның барлық құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-сына тапсырылады. Ұлттық банк өз келісімін берді. Оған сәйкес, 2018 жылғы 1 тамыздан бастап «Казкоммерцбанк» АҚ қарыз алушыларының ипотекалық заемдарын қайта қаржыландыруға қатысты өтініштерін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қабылдайды», - делінген Ұлттық банктің ресми сайтында. 

Бағдарламаның талаптарымен «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде мына сілтеме - https://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=russian бойынша танысуға болады.

Айта кетейік, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бағыттан тұрады. Бірінші бағыт бойынша теңгемен берілген ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылса,  екінші бағыт аясында валюталық қарыздарды теңгеге ауыстыру көзделген.

Соңғы жаңалықтар