«Казкоммерцбанк» сыртқы қарызды өтеуден қиналып жатқан жоқ - М.Сүлейменов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Казкоммерцбанк» АҚ осы жылдың аяғына дейінгі сыртқы қарыздарын қиындықсыз өтейді. Бұл туралы банктің басқарушы директоры бүгін өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.

«Бүгінгі таңда банктің 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде өтімді қаржысы бар. Жыл соңына дейін біз 440 млн доллар көлеміндегі сыртқы қарызды өтеуге тиіспіз. Қаржы институты өзінің қарызын уақытымен төлеуден қиналмайды», - деді М.Сүлейменов.

Директордың айтуынша, 2022 жылға дейін банк шетелдік қаржы ұйымдарына 2 млрд доллар көлемінде қаржы берешек.

Соңғы жаңалықтар