Қазіргідей жағдайда «G-global» жобасына динамизм мен қолданбалы сипат керек - Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі жағдайда "G-global" жобасына динамизм мен қолданбалы сипат керек. Бүгін Астанада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференцияның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Әлемдік тәртіптің жақсаратынына қатысты үміттерге қарамастан ХХІ ғасырдың басы қауіптерге толы, жаңа қатерлер тудырған кезең болып отыр. Осыдан алты жыл бұрын басталған жаһандық дағдарыс ешқайда жоғалып кеткен жоқ. Ол керісінше, жыл сайын күшейіп келеді. Адамзатты әлемдік дамудың түбегейлі жаңа жобалары күтіп тұр. Мен бұл туралы 2009 жылдың өзінде «Дағдарыс кілті және бесінші жол» атты мақаламда айтқан болатынмын. Уақыттың өзі бұл дағдарыстың салдарынан әлемдік өсімнің барлық ескі үлгілерінен кейін мүлдем жаңа әлем туатынын көрсетіп отыр. Біз сол жаңа әлемнің бесігінде тұрмыз. Ал мұндай бүгінгі жағдайда "G-global" жобасына динамизм мен қолданбалы сипат керек», - деді Елбасы Н. Назарбаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы "G-global" бірыңғай зияткерлік базасын құрудың қажеттігін, онда Астана экономикалық форумы барысында айтылған идеялар мен ұсыныстардың және "G-global" порталына келіп түскен пікірлердің барлығын біріктіру керектігін атап өтті. «Бұдан әрі бұндай жинақталған бірегей идеяларды тақырыптық, топтық, авторлық, жылдық ретпен жіктеп, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, ғылыми еңбектерде талқылау мен тарату нысанына айналдыру қажет. Бізге БҰҰ-ға, басқа да экономикалық, саяси форумдарға жолдайтын ұсыныстарымыздың тізбегін құрған ләзім», - деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар