Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі одан әрі арта түсті-сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Дана Нұржігітова Ата заңға сәйкес мызғымас ұстындардың кепілі болатын тұлға – Президент екенін және Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын шақта, тағдырымыз тарих таразысына түскен кезеңде азаматтардың басты құқықтарының сақталуына бар күшін салып отырғанын жеткізді.

«Ал заң шығарушы органдар өмірдің өзі белгілеп берген өзгерістерге заңдық негіз болатын сапалы құжаттар әзірлеу жоспарын пысықтап, мемлекетіміздің даму бағытын айқындауға белсене атсалысып жатыр» - деді сенатор ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай білдірген пікірінде.

Ол өз сөзінде үшінші мыңжылдықтың үшінші онжылдығы адамзат тарихындағы түбегейлі өзгерістерден басталып отырғанын және ол өзгерістер өмірдің барлық саласын шарпығанын, тұрмыс, сана, экономика, саясат, бәрі өзгеріп жатқанын айтты.

Дана Нұржігітова «Болашақ ұрпақ бұл кезеңге баға бергенде пандемия кесірінен немесе пандемияның арқасында деп саралайтын болады. Бірақ осындай тұрақсыздық жағдайында мемлекеттілікті нығайтып, тұрақтылықты, адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін константа, басты құжат бар. Ол – Конститутция. Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі одан әрі арта түскенін көріп отырмыз» - деді.


Соңғы жаңалықтар