Қазіргі жағдайда бизнеске ауыртпалық жүктемеу керек - Нұрлан Нығматулин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ЕАЭО кедендік аумағында отандық бизнестің мүддесіне ерекше маңыз беру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Парламент Мәжілісіне ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі бойынша келісімді ратификациялау туралы заң жобасын енгізген болатын.

Әлихан Смайылов айтып өткендей келісімге 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Cұлтандағы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттер басшылары қол қойған. Заң аясында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер импорттық тауарларды бақылайтын Ұлттық қадағалау жүйесін құрады.

Аталмыш заң жобасын енгізерге Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әлихан Смайылов бір мәселеге назар аудару қажет екенін айтты.

«Бұл жұмыс әрине керек. Бірақ ең маңызды мәселе – бизнеске ауыртпалық салмау керек. Әсіресе қазіргі жағдайда. Жалпы шағын және орта бизнестің жағдайын жақсы білесіз. Сондықтан мына заң жобасын енгізген кезде ең алдымен – бизнеске ауыртпалық жүктемеу мәселесін ұмыт қалдырмаған абзал. Осыны ескеруіміз керек», - деді Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.



Соңғы жаңалықтар