Қазіргі заманда барша адамзаттың өзара диалог пен ынтымақтастықтан басқа жолы жоқ - Иран Президентінің кеңесшісі

None
None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов / - Қазіргі заманда барша адамзаттың өзара диалог пен ынтымақтастықтан басқа жолы жоқ. Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының ІІІ-ші съезі аясында өтіп жатқан пленарлық отырыста Иран Ислам Республикасы Президентінің кеңесшісі Мехди Мұстафави мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 «Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшылары қисынсыз іс- әрекеттермен күресуде бір бірін тыңдап, қоғамды түрлі проблемалардан құтқара алады. Осы бағытта бейбітшілік құруға ықпал етеді. Қазіргі заманда барша адамзаттың өзара диалог пен ынтымақтастықтан басқа жолы жоқ»,- деді ол.

 «Барлық құндылықтарды монополияландыратын діни ағымдар адамзатты қатыгез қарсыластық пен қайшылықтарға жетелейді. Осы орайда діндер басшыларының миссиясы мен міндеттері үндесіп, бейбітшілік пен тыныштық аясында өмір сүру үшін адамгершілік танытып, адамзаттың жан -дүниесін оята білуде жатыр»,- деп атап өтті Президент кеңесшісі.

 Осы орайда ол діндер басшылары саясатты реттеуде және жүзеге асыру үдерісінде, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік жағдайының қалыптасуында маңызды рөл атқаруы тиіс екенін айтып өтті.

«Діндер басшылары мемлекеттердің үкіметтерінен халықтың қажеттілігіне жауап беруді, осы бағытта халықтар арасындағы қарсылықты күшейтетін іс -қимылдардан тартынуды талап етуі қажет», -  деді Мехди Мұстафави.

Соңғы жаңалықтар