Қазіргі ұйымдар ғаламдық халықаралық қатынастарды толық реттей алмай отыр - Сенат Төрағасы

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазіргі халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастарды, ғаламдық нарықты толық деңгейде реттей алмай отыр.

Бүгін елордада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық ұйымдардың жұмысына жаңа, қағидатты түрде басқа қадамдар қажеттігі сезіледі. Өйткені, қолданыстағы қазіргі ұйымдар ғаламдық халықаралық қатынастарды, ғаламдық нарықты толық деңгейде реттей алмай отыр. Атап айтқанда, халықаралық қаржылық ұйымдар айтарлықтай қайта құрылымдау мен үлгілендіруді қажет етеді», деді Қ. Тоқаев. Сонымен бірге, жаһандық дағдарыс мәселесіне тоқталып өткен Төраға, қазіргі жағдайға жаңа көзқараспен қарау керектігін атап өтті. Оның айтуынша, бүгін жаңа дәуір шатпақтары көрініс тауып, барлық сала бойынша пайдаланылатын тетіктердің түгесілуі айқын аңғарылып отыр. «Қазір әлемдік қауымдастық үшін ғаламдық энергетикалық дағдарыс пен ғаламшардағы климаттық өзгерістерді туғызған қауіп ең өзекті проблемаға айналып отыр. БҰҰ-ның жақындағы саммитінде ғаламдық климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған пікірталастар сипаты осының айғағы», деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар