Қазіргі уақытта елімізде бір ғана республикалық жолдың учаскесі жабық

None
None
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта елімізде бір ғана республикалық жолда көлік қозғалысы шектеліп отыр. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты кеше сағат 14.00 бастап «Үшарал-Достық» автожолының 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлерінің жол жабылды.

Аталған жолда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар