Қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты – ҚР ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарына дауыс беру барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Запаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау туралы» Заңның 39-бабына сәйкес, полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласуына, сондай-ақ дауыс беруге арналған ғимараттардың ішінде болуына құқықы жоқ. Олар тек комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін ғана сайлау учаскесіне кіре алады», - деді Арыстанғани Запаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, әзірше сайлау учаскелерінің төрағаларынан полицейлерге мұндай өтініш түскен жоқ.

Жалпы, қазіргі уақытта еліміздегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай ішкі істер органдарының ұдайы бақылауында», - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, дауыс беру барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ішкі істер органдарының 40 мыңға қызметкері жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар