Қазіргі таңда еліміздің алтын-валюта резервінің көлемі - 43,2 млрд. доллар

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Қазіргі таңда еліміздің алтын-валюта резервінің көлемі 43,2 млрд. долларды құрап отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетіндегі кездесу барысында ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық банктің таза халықаралық резерві ағымдағы бағалау бойынша 20 млрд. долларды құрайды. Ал, ҰБ-тің өзінің  активтері 23,2 млрд. долларды құрап, жыл басынан бері қарай 15,5 пайызға немесе 4,3 млрд. долларға төмендеген», деді Б. Тәжіяқов. Сонымен бірге, банк активтерінің бұлайша төмендеуін түсіндірген төраға орынбасары, бұл шараның Ұлттық қор түсімдерінің бюджетке жолданғанына сәйкес орын алғанын атап өтті. Бұдан басқа, еліміздің алтын-валюта резервінен ішкі активтерге қаражат орналастырылуы да банк активтерінің төмендеуіне әсер еткен.

«Осыларды ескере келсек, онда бүгінгі күні еліміздің жалпы алтын-валюта резерві   43,2 млрд. долларды құрайды. Ал егер жоғарыда айтып өткеніміздей,  ішкі активтерге орналастырылған қаражатты қоса есептегенде алтын-валюта резерві 48-49 млрд. доллар шамасында болады. Яғни, еліміздегі алтын-валюта резерві толық орнықты сақталған қалпында деп айтуға болады», деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар