Қазіргі бессайыстан Азиадаға баратын спортшылар анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия астанасы Джакартада өтетін жазғы Азия ойындарына қазіргі бессайыстан ел намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті таратқан мәліметтерге сүйенсек, қазіргі бессайыстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Беларусьтің Минск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Астанада қазіргі бессайыстан әлем кубогінің финалы өткен соң, Қазақстан құрамасы Азия ойындарына тыңғылықты дайындықты бастап кетті.

Бас бапкер Вадим Чудновский Азиадада мына спортшыларға үміт артып отыр:

Павел Ильяшенко

Алена Потапенко

Влад Сухарев

Ардақ Ахидуллаева

Азия ойындары аяқталған соң Қазақстан құрамасы қысқарған құрамда Мехикода өтетін әлем чемпионатына аттанады. Дүниежүзілік додада Ильяшенко мен Потапенко аралас эстафетада өнер көрсетпек.

Еске сала кетейік, Жазғы Азия ойындары Джакартада (Индонезия) 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар