Қазіргі әлемде дәстүрлі проблемалар өркениеттегі жаңа қауіп-қатермен бірге тереңдеп барады - Сенат Төрағасы

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жаңа қауіптерге қатысты өз ойын ортаға салды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төрағаның айтуынша, геосаяси және өркениетаралық қарсылық нәтижесі ауқымды ресурстардың жұтылуына себеп болып отыр. Ал бұндай ресурстар адамзат игілігі үшін әлеуметтік-экономикалық, экологиялық проблемаларды шешуге жұмсалуы тиіс еді. «Тіпті қазіргі әлемде дәстүрлі проблемалар өркениеттегі жаңа қауіптермен бірге тереңдеп отыр. Лаңкестік мәселесі трансұлттық шеңберде беки түскені былай тұрсын, бұл одан сайын қарапайым игіліктен адаланған, рухани, материалдық жүдеулік көріп жүрген адамзаттың бөлігін өздерінің қатарына белсенді түрде тартып отыр», деді Қ. Тоқаев. Сенат Төрағасы сонымен бірге, Азиядағы дабыл қақтырарлық қауіптер мәселесіне, бақылаудан шыққан миграциялық нөпірге, босқындар санының арта түсуіне де тоқталып өтті.  «Сепаратистік көңіл-күйдің өсуі, трансұлттық есірткі экономикасының күшеюі, кедей мен бай елдер арасындағы теңсіздік - осы проблемалардың барлығы гуманитарлық күйреу ауқымына еніп бара жатыр. Жаппай сенімсіздіктің орнауы нәтижесінде көптеген елдер өздерінің қорғаныс әлеуетін арттырып, қарулану жағынан жарысқа түскен сыңайлы. БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, 2008 жылы әлем бойынша даму мақсаттарға тек 80 млрд. доллар қаржы жұмсалса, қару-жарақ иемденуге жұмсалған шығыс 1 трлн. долларды құраған», деді Қ. Тоқаев. 

Соңғы жаңалықтар