+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Қазір той тойлайтын, қыдыратын кез емес - Дәурен Абаев

2020 жылғы 25 наурыз 17:50
Бөлісіңіз:
Қазір той тойлайтын, қыдыратын кез емес - Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет коронавируспен күресу үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралар атқаруда. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында құдалық өткізіп, қыз ұзатқандар 5 тәулікке қамалды Өскемендегі кальян барының иесі 15 тәулікке қамалды Төтенше жағдайдағы қайырымдылық рухымыздың мықтылығын көрсетеді - министр

«Құрметті отандастар! Өздеріңіз білесіздер, Үкімет коронавируспен күресу үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралар атқаруда. Адамдар да үйінен шықпай өмір сүруге үйреніп жатыр. Көпшілігіміз қашықтан жұмыс істеуге көштік. Жағдай күрделі, сондықтан баршаңыздың көмегіңіз керек», - деді министр.

Оның атап өтуінше, ол үшін мамандар айтқан қарапайым кеңестерді жасау қажет.

«Қолыңызды жиі жуыңыз, әр жуғаныңыз 20 секундтан кем болмасын. Үйден шықпаңыз. Далаға шықсаңыз, маска киіңіз және адамдармен 2 метр аралықты сақтаңыз. Көпшілік болып жиналмаңыздар. Қазір той тойлайтын, қыдыратын уақыт емес. Осы қарапайым шараларды жасау арқылы сіздер өзіңіздің, жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыздар», - деді ол.

Сонымен қатар Дәурен Абаев бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарға карантин уақытында балаларымызға көбірек көңіл бөліп, бірге кітап оқуға, пайдалы видеолар көруге шақырғанын еске салды.

«Қажетті материалдардың тізімін де берді. Бұл керемет бастаманы қолдау керек деп санаймын. Үйде болайық, аман болайық. Біз біргеміз!», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT