Қазір спорт дегеніңіз шоуға айналып барады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршыларының серкені қазандыққа немесе шеңберге салуға қатысты ойы екіге жарылған болатын. Бұл сұрақ Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Мұхтархан Ділдәбековтың бүгінгі кездесуінде де көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкпардың қазандығы туралы айтып жатырмыз ғой. Қазандыққа салу немесе салмау туралы көкпар ойнайтын әр мемлекеттің өз ережесі бар. Көкпар ғана емес, әр спорттың өзіндік қатері бар екенін ескеру керек. Шаңғы болсын, биікке секіру болсын - әр спортта қауіп аз емес. Сондықтан, менің ойымша, егер қазандыққа салу туралы шешім шығып жатса, оны трагедия қылудың қажеті жоқ», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы «Көкпар» федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбековпен кездесу барысында.

Министрдің айтуына қарағанда, бір кездері жабық өтетін ММА сайыстары қазір үлкен чемпионаттарға ұласып кеткен.

«Былай қарасаңыз, Токиодан кейін ММА Олимпиада спорт түрлерінің қатарына да кіруі мүмкін. Қазір спорт шоу болып бара жатыр. Бұрын теледидарда музыкалық арналар көп еді, қазір көбісі спортқа қызығады. Бүгінгі таңда спорттың барлық түрлерін халыққа қызықты ету үшін күрделі дүниелер жасап жатыр. Сондықтан, халықаралық қауымдастықпен келісіп, алға жылжу керек», - деді министр.

null 

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Көкпар» федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбековты қабылдап, кездесу барысында көкпардың келешегі, алдағы жарыстарға дайындық мәселесін талқылаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар