Қазір нақты жоспар, бағытпен жүретін заман – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Sailau Talks-2021 шарасында сарапшылар жаңа Мәжілістен халық не күтетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың бірінші кезекте күтіп отырған басты мәселелерінің бірі – заңдардың сапасы. Сондай-ақ, шенеуніктерден жауапкершілік және бюджеттің ашықтығын күтеміз», - дейді Мемлекеттік қызмет академиясының жетекші ғылыми қызметкері Дастан Көшербаев.

Ал журналист, тревел блогер Өркен Кенжебек инновация жағы кенжелеп тұрғанын айтты.

«Қазір нақты жоспар, бағытпен жүретін заман. Жаңа Парламент мәжілісіне артылатын негізгі жүк – экономикалық хал-ахуалды арттыру, кедейлік деңгейін түсіру, инновациялық дүниелерге бағыт беретін заң топтамаларын әкелсе деген ой», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңыздылығын талқылайтынын жазған болатынбыз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар