Қазір мемлекеттік тілді үйренуге барлық жағдай жасалған - Дәметкен Арынова

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Тереңкөл ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Дәметкен Арынова кеше Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған Президент мақаласына қатысты пікір білдірді.

«Кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді. Аталмыш мақалада мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы екені атап айтылды. Қазір мемлекеттік тілді үйренуге барлық жағдай жасалған. Тіл үйренем деушілердің ниеті болса жеткілікті. Мақалада жастарға бірнеше тіл білу өздерінің көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятатынын жете түсінгені абзал екені де баса айтылған. Осы айтылғандарды толық қолдаймын» дейді ардагер ұстаз.

Дәметкен Қапарқызының айтуынша, қазір өзге тілдерді қысқа уақыт ішінде үйреніп жүргендей, қазақ тілін де тез арада үйренуге болады.

«Жоғарыда айтылғандай ниетіміз дұрыс болуы керек. Өйткені мемлекеттік тілді үйренуге барлық жағдай жасалған» дейді ол.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялаған болатын.



Соңғы жаңалықтар