Қазір қарттық қуаныш емес деген түсінік өзгеруде - академик Т. Шарманов

None
None
АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда қарттық қуаныш емес деген түсінік өзгеруде.

Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, академик Төрегелді Шарманов бүгін Алматыда «Қазіргі Қазақстандағы ғылымның инногвациялық дамуы және қажеттілігі» деген тақырыппен өтіп жатқан жас ғалымдардың VI Халықаралық ғылыми конференциясында осылай айтты.

«Жастармен кездесу үлкен жауапкершілікті қажет ететін жағдай. Өйткені жастар біздің болашағымыз, олар қоғамымызды,  ұлтымызды бақытқа жетелейді. Сондықтан сіздермен кездесуді мен үлкен жауапкершілік кезеңі деп санап, толғаныс сезіммен  келіп отырмын», - дейді Т. Шарманов. Академиктің айтуынша, қазір медицина адамның өмір сүру жасын ұзартуда көп жетістікерге жетті. Бұған дейін 20 мың жыл бойы адамзаттың дамуында 20-ғасырға дейін орташа өмір сүру ұзақтығы 30 жас болды. Мәселен 1927 жылғы алғашқы санақта  ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы  ерлерде - 33, әйелдерде  31 жасты құраған.  Қазір қарттық қуаныш емес деген түсінік мүлде өзгерді. Американдықтар  жастар бақытты ма, қариялар бақытты ма деген мәселе бойынша зерттеу жүргізген көрінеді. Оның қорытындысына қарағанда, жастарға қарағанда қариялар бақытты ғұмыр кешіп жатқаны анықталған.

Соңғы жаңалықтар