Қазір аурудың 14 мың түрі бар - академик Төрегелді Шарманов

None
None
МАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Медицина қазір жылдам жаңарып, бағыт бағдары өзгеріп келе жатыр. Оны ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов бүгін Алматыдағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіндегі Қасен Қожақметов атындағы Жаттығу дағдылары орталығының ашылу рәсімінде айтты.

"Қазіргі медицина бұрынғыдан мүлде бөлек. Енді ол ескертуші, сезуші болуы керек. Біз осы уақытқа дейін белгілі болған ауруларды емдеуші емес, алдын алушы болумыз қажет генетикалық мүмкіндіктер базасы арқылы. Бүгінгі таңда 14 мың ауру болса, сонша әдістеме бар. Сондықтан дәрі-дәрмектер де өзгеше болу керек", - дейді Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.

Әйгілі ғалымның айтуынша, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ашылып отырған Қасен Қожақметов атындағы Жаттығу дағдылары орталығының Қазақстан ғана емес бүкіл ТМД елдерінде теңдесі жоқ. Ол енді болашақ дәрігерлердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосатын болады. Бұл емнің қауіпсіз, сапалы және дәл болуын қамтамасыз етпек. Сондықтан ел игілігіне қызмет етіп, білім саласына ғана емес бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне өз ықпалын тигізетін болады.

Соңғы жаңалықтар