Қажылыққа барған 190 мың адамға дәрігерлердің көмегі қажет болған

None
None
ЭР-РИЯД. Азертадж-ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында қажылық маусымы кезінде 190 мың адамға медициналық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Азертадж агенттігіне сілтеме жасап.

Мекке мен Мәдинаның медициналық орталықтары биылғы (хижраның 1440 жылы) қажылық маусымда Сауд Арабиясы Корольдігіне парыздарын өтеуге барған адамдарға түрлі арнаулы медициналық қызметтер көрсетуді жалғастыруда.

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қажылыққа барғандарға қажетті медициналық қызметтің барлығы көрсетіледі. Мекке мен Мәдинада мұсылман күнтізбесі бойынша зұлқада айының алғашқы күнінен зұлхижжа айының екінші күніне дейінгі аралықта 190 719 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Соның ішінде 297 адамның жүрегіне ота жасалған. Бұдан бөлек, 921 диализ процедурасы, 44 лапороскопия отасы, сондай-ақ 293 басқа да хирургиялық операциялар орындалған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 31 шілде күні қазақстандықтардың алғашқы легі бес парызының бірін өтеуге Сауд Арабиясына ұшып шықты.

Биыл елімізден барлығы 3200 адам қажылық парызын өтемек.

Соңғы жаңалықтар