Қажылыққа аттанған қазақстандықтар Сауд Арабиясына жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қажылыққа аттанған барлық қазақстандықтар дін-аман Сауд Арабиясына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауд Арабиясы Корольдігіне қазақстандық қажылыққа барушы азаматтарды тасымалдаушы  SCAT және Fly Nas әуекомпанияларымен Алматы-Джидда және Ақтау-Джидда бағыты бойынша соңғы екі рейс орындалды», - деп хабарлады ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Жалпы аталған екі әуе компаниясы  Боинг 737, Боинг 767, Эйрбас 330 үлгісіндегі ұшақтармен 10 рейс жүзеге асырған. Осылайша, Джидда мен Медина қалаларына 2777 қазақстандық қажылыққа барушы азамат дін-аман жетті.

Комитет мәліметінше, аталған екі әуе компаниясы  қазақстандықтарды кері елге жеткізу үшін 27 тамыздан бастап 31 тамызға дейін 10 рейс жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар