Қажылық сапарға аттанған түркиялықтар Сауд Арабиясында апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қажылық сапарға аттанған түркиялықтар Сауд Арабиясының Мәдина қаласында жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Тренд агенттігі Түркия БАҚ-ына сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан автобус өртенген.

БАҚ таратқан хабарларға қарағанда, апат салдарынан кем дегенде бес адам зардап шеккен, бір жолаушы ауыр халде жатыр.

Зардап шеккендер бір күн ішінде Түркияға жеткізіледі.

Оқиғаның егжей-тегжейі әзірге құпия болып отыр.

Соңғы жаңалықтар