Қажылық парызын өтеген қазақстандықтар елге оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парызын өтеу үшін Мекке мен Мәдинаға аттанған 3000 отандасымыз толық елге оралды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіліне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазақстандық 3000 қажы елге дін аман оралды. 1 қыркүйекте қажылардың соңғы легі Шымкент әуежайына келіп қонды. Денсаулықтары бірқалыпты», - деп атап өтті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің меңгерушісі Айдар Салқынбаев.

Айта кетейік, биыл елімізден 3000 адам қажылыққа барып қайтты. Жерлестерімізге 18 қажылық фирмасы қызмет көрсетті. Қазақстан қажылық миссиясы жанынан құрылған уағыз-насихат, пәтуа, ақпарат, дәрігерлер тобы өзіне жүктелген міндетті толық атқарды.

Елімізден барған 18 жоғары білікті дәрігер қажыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Мекке мен Мәдина қалаларында медициналық қызмет көрсету орталықтары тәулік бойы жұмыс істеді. Сондай-ақ, Қазақстан қажылары отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.   

null null null 

Соңғы жаңалықтар