Қажыға баратын қазақстандықтар Түркістан әуежайынан ұша алады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат-Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» әуежайынан «Түркістан-Эль-Кувейт» бағытында алғашқы жолаушылар сапарға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан былай қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтар Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдан ұша алады. Рейстер аптаның сейсенбі және жексенбі күндері «Airbus-320» ұшағымен орындалады. Билет құнын 150 000 теңгеден бастап белгілеп отыр.

Компания өкілдерінің сөзінше алдағы уақытта рейстер саны ұлғайтылуы мүмкін. Бұл Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар