«Қазхром ТҰК» АҚ феррохромның ескірген қоқыстарын қайта өңдеу жобасын іске асыруда

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Қазхром ТҰК» АҚ тазартылған феррохромның ескірген қоқыстарын қайта өңдеу бойынша төмен және орташа көміртекті феррохром металконцентратын шығаратын жаңа инвестициялық жобасын іске асырмақшы. Қалдықтардың бір бөлігі құрылыс материалдарының өндірісі үшін пайдаланылады, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін белгілі болғандай, инвестициялық форумның барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич аталған жобаны іске асыру бойынша сәйкестендірілген меморандумға қол қойды.

«Қазхром ТҰК» АҚ жеке және/немесе қарызға алған қаражат есебінен жобаны оны іске асырудың барлық кезеңдерінде қаржыландыруды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Компания жоба үшін қазақстандық мамандарды даярлау және оқыту мәселесін қарастыруды міндетіне алуда» делінеді хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімдігі жаңа жобаны іске асыруға толыққанды көмек әрі жан-жақты қолдау көрсетуге,сонымен бірге жобаны бірлесіп қаржыландыру мәселесін қарастыруға, сондай-ақ барлық келісімдер мен рұқсаттамаларды беруге, коммуникацияларды жүргізуге дайын.

Меморандумның жалпы сомасы 7,2 млрд. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар