«Қазхром» ферроқорытпаның рекордты көлемін өндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары көміртекті феррохромның әлемдегі ірі өндірушісі «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ хром рудасы мен ферроқорытпаның рекордты көлемін өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың жетістіктері таң қаларлық - біз хром рудасы мен ферроқорытпаның рекордты көлемін өндірдік. «Қазхром» әлем бойынша ірі феррохром өндірушілерінің бірі және жоғары сапалы хром рудасының мол қорына ие. Бұл феррохромға деген әлемдік сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді құрамына «Қазхром» кіретін «Еуразиялық топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

2017 жылы «Қазхром» шамамен 5,6 трлн хром рудасын (өткен жылмен салыстырғанда 15% көбірек) өндірген және 1,6 млн тоннадан астам ферроқорытпа (8% көбірек) дайындаған.

Компанияның 2017 жылғы әлеуметтік инвестицияларының көлемі 57 млн АҚШ долларынан асқан. Бұл көрсеткіш 2016 жылғымен салыстырғанда 80% көп.
nullnull

Соңғы жаңалықтар