Қажет болған жағдайда қайтадан карантин енгізуге дайын болу керек - ДДСҰ
ДДСҰ мәліметінше, қазір 70% көрсеткішке тек 57 мемлекет қол жеткізді, әлемде вакцинацияның орташа деңгейі - 60%.
«Барлық аймақтарда орналасқан 70-ке жуық елде COVID-19 жұқтыру жағдайлары туралы хабарламалар санының өсуі байқалды және бұл әлемде тестілеу күрт төмендеген кезде орын алады», - деді ДДҰ басшысы.
Гебреисус әлемде коронавирустың таралу жолы мен қарқынын болжау мүмкін емес екенін атап өтті.
100% вакцинациялануға тиіс ең осал топтар — медицина мамандары, 60 жастан асқан адамдар және денсаулық жағдайы нашар адамдар.
31 мамырда әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 532 210 230 жағдайы тіркелді.
Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 387 804 адамға өсті.
Әлемде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны - 6 312 017 адам. Сонымен қатар бүгінде 691 өлім тіркелді.
Вирустан толық емделгендер саны: 503 169 548 адам.