Қазгидромет: Желтоқсанның 18-і күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 18-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Солтүстік циклон жырасы Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарына әсерін сақтайды, мұнда кей жерлерде қар жауады. Қазақстанның қалған аумағы антициклонның ықпалында қалады, яғни күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, күшейеді, солтүстігінде – жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болып, жел күшейеді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күші15-20 м/с болады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жаланашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.


Соңғы жаңалықтар