+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазгидромет: Желтоқсанның 12-сі күнгі ауа райы болжамы

2019 жылғы 12 желтоқсан 06:12
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Желтоқсанның 12-сі күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желтоқсанның 12-сі күні республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйекте бірқатар өңірде шаңды дауыл тұрып, үсік жүреді Бүгін Ақтөбеде ауа ластанады Қазгидромет: Қыркүйектің 26-сы күнгі ауа райы болжамы

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, желтоқсанның 12-сі күні республиканың кей жерлерінде жауын-шашын болады.

Тек Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығысында ғана антициклонның ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының бірқатар аумақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы ықтимал.

Түркістан облысының басым бөлігінде тұман түседі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT