Қазгидромет: Үш облыста ертең дауыл соғуы мүмкін

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында дауыл жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыс, батыстан соғаты желдің күші 15-20  м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады деп күтіледі. Кей жерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Петропавл қаласында 24 мамырда оңтүстік-батыс, батыс желінің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болатыны күтіліп отыр. Күндіз  найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.

«24 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде батыстан, онтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал Астана қаласында 24 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады (екпіні 15-20 м/с)»,  делінген хабарламада.

Сонымен қатар, күндіз 24 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, екпіні 15-20 м/с болатын жел күтіледі.

Соңғы жаңалықтар