+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазгидромет: Түркістан облысындағы нөсер жауынның себебі туралы БАҚ-тағы хабарлама – жалған

2020 жылғы 16 мамыр 17:27
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Түркістан облысындағы нөсер жауынның себебі туралы БАҚ-тағы хабарлама – жалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БАҚ-та 2020 жылдың 15 мамырында Түркістан облысында қатты жаңбырдың себебі туралы жарияланған хабарлама — жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Түркістан облысында қатты жаңбырдың себебі туралы 2020 жылғы 15 мамырдағы БАҚ хабарламасында мынадай делінген: «Синоптиктердің айтуынша, облыстағы өткінші жаңбыр – бұл Өзбекстандағы бөгеттің бұзылуына байланысты. Бөгеттің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының аймағына көп мөлшерде су таралған. Осыған байланысты қазір өңірде қатты булану басталған. Ал, бұл өткінші жаңбырға әкелді». Дереккөзі - «Қазгидромет» РМК мамандарына сілтеме жасаған КТК телеарнасы.

«Қазгидромет» РМК бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. 2020 жылдың мамыр айында Түркістан облысында жауған жаңбыр синоптикалық процестердің жылдам ауысуына байланысты болған. Жылы ауа массаларының суыққа бірден ауысуы салдарынан нөсер жауын жауды. Оңтүстіктің тау бөктеріндегі және таулы аудандарында жауын-шашынның толассыз жаууы - сәуір мен мамыр айларына тән құбылыс. Қазгидромет 2020 жылдың 3, 5, 6 және 13-14 мамыр күндері қатты жауын-шашын түсетінін болжап, ескерту жариялады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT