+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазгидромет: Тамыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 9 тамыз 06:00
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Тамыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде 9 тамыз күні ауа райының құбылып тұруына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Қазгидромет»: Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 9 тамыз күні еліміздің көп аймағына жауын жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерге бұршақ түсуі де мүмкін. Республиканың орталығында күшті жел тұрады.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел күшейіп, Қостанай облысында түнде және таң ата бірқатар өңірлерге тұман түседі.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі.

Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының бірқатар өңірінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде және Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT