Қазгидромет: Тамыздың 31-і күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыздың 31-і күні республиканың басым бөлігі бұрынғысынша, циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын тартқан мәліметтерге қарағанда, республиканың басым бөлігінде жауын жауап, солтүстік өңірде жауын мол көлемде түседі.

Елдің бірқатар аумақтарында найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы да ықтимал, сонымен қатар шаңды дауыл көтеріледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарында найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің күші секундына 15-23 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Павлодар облысында желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда,Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі. Алматы облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін.

Қызылорда, Түркістан облыстарында және Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының басым бөлігінде, сонымен қатар Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Павлодар облысының солтүстігінде өрт қауіпі сақталады.



Соңғы жаңалықтар