+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Қазгидромет: Тамыздың 12-сі күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 12 тамыз 06:00
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Тамыздың 12-сі күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 12-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Екі қалада ауа сапасы нашарлайды Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ескерту жариялады 26-28 қаңтар аралығында Қазақстанда қар жауып, күн жылынады

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, с олтүстік шығыстан жылжитын оңтүстік циклон және онымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалымен Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады.

Кей жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауса, солтүстікте нөсерлетеді. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыста тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел секундына 15-25 метр жылдамдықпен ұйтқып, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдың жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT