Қазгидромет: Тағы үш облыста күн бұзылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

10 тамыз күні күндіз Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады. Ауа температурасы 30-35 градусқа көтеріліп, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Петропавлда 10 тамызда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, найзағай жарқылдайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында 10-11 тамыз күндері кей жерлерде бұршақ жауып, жел алдымен солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

10-12 тамыз күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

10 тамыз күні күндіз облыстың басым бөлігіндегі ауа температурасы 42 градусқа дейін жетеді. 

Соңғы жаңалықтар