«Қазгидромет» тағы екі облыста ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның тағы екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

17 шілде күні Атырау облысында кей жерлерде күн күркіреп, шаңды дауыл көтеріледі, 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз кей жерлерде 38 градус ыстық сақталады.

17-18 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының кей аумақтарында найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде кенеттен катты дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Орал қаласында 17 шілдеде найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді, күндіз қатты дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның өзге үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар