Қазгидромет: СҚО-да қаңтар айы суық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктердің болжамынша, Солтүстік Қазақстан облысында қаңтар айында орташа ауа температурасы –15-18 градус болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалы облыстың батыс бөлігі үшін мұндай температура қалыпты жағдай болса, шығыс бөлігі үшін ол бір градусқа төмен екенін айтты.

Қаңтар айының бірінші онкүндігі салыстырмалы түрде жылы болады. Ауа температурасы түнде –13-18 және –8-13 градус аралығында болса, күндіз –7-12 және –2-7 градус аралығында болады. Айдың ортаңғы онкүндігінде ауа температурасы түнде –18-23 градусқа дейін, күндіз –12-17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Одан кейін түнде ауа температурасы –8-13 дейін жоғарыласа, кей жерлерде –18 градус, күндіз –2-7 дейін, кей жерлерде –12 градусқа дейін аяз болады. Айдың соңғы онкүндігінде ауа температурасы түнде қайтадан –15-20 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде –25 градусқа дейін аяз болады, ал күндіз –9-14 градусқа дейін суық болады.

Айдың екінші онкүндігінің басында ауа температурасы түнде –15-20 градустан –10-15 градусқа дейін, күндіз –9-14 градустан –4-9 градусқа дейін көтеріледі. Одан кейін термометр бағаны –24-29 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде –34 градусқа дейін барады, ал күндіз –18-23 градусқа дейін төмендейді. Айдың соңғы онкүндігінде күн жылынады деп күтіледі.

Айдың үшінші онкүндігінде күн жылынады, яғни түнде –16-21 градус болса, күндіз –10-15 аяз болады. Айдың соңына қарай қайтадан түнде –33 градус болса, күндіз –27 градусқа болады деп күтілуде.

Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың батыс бөлігінде қалыптан аз болса, шығыс бөлігінде қалыпты болуы мүмкін.

Синоптиктер айдың ортасында секундына 15-20 метр жылдамдықпен қар жауып, жел соғады деп болжап отыр. Қаңтар айының басында тұман түседі.

Авторы: Олеся Жуковень


Соңғы жаңалықтар