Қазгидромет: Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ауа райына байланысты ескерту жасады.

Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, 29 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел, артынша солтүстік-батысқа қарай ойысып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Осыған байланысты жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қолға алған жөн.

«Найзағай ойнаған кезде есік-терезенің бәрін мықтап бекітіп, электр құрылғыларын тоқтан ажыратып, мүмкіндігінше үйде болған жөн. Егер көшеде жүрген болсаңыз темір қоршаулар мен электр тарататын құрылғылардың, жарнама бағандарының, автобус аялдамаларының жанында және ағаштың астында тұрмаңыз. Су жанында болсаңыз, суға түспеңіз. Жағалаудан мүмкіндігінше алысырақ тұрған жөн. Төтенше жағдай бола қалса, «112» нөміріні телефон шалыңыз», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар