Қазгидромет селді болжау қызметін қалпына келтіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдан бастап «Қазгидромет» РМК тасқынды болжау қызметін қалпына келтіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің Ғылыми-зерттеу орталығында, Сел процестерін зерттеу және сел болжамы басқармасы құрылады, ол жауын-шашын мен ұзақ жаңбырдың салдарынан пайда болатын тасқын қаупінің алдын алу үшін ұйымдастырылады.

«Бұл бөлімше мамандарының негізгі міндеті — халықтың қауіпсіздігіне жауап беретін мемлекеттік басқару органдарына, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының таулы аумақтарында, сел қаупі туралы халықты және БАҚ-ты хабардар ету», делінген хабарламада.

Сел қаупі туралы Қазгидромет сел қаупі бар кезеңде (мамырдан қыркүйекке дейін) консультация, қысқа мерзімді болжамдар жасап, сел қаупі туралы ескерту жариялайды.

Барлық ақпарат Қазгидромет сайтында беріледі, мемлекеттік органдарға, БАҚ-қа ұсынылады және әлеуметтік желіде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар