06:30, 10 Сәуір 2020 | GMT +6
Қазгидромет: Сәуірдің 10-ы күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәуірдің 10-ы күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар, жауын жауып, елдің батысында ғана күн ашық болады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстік-батыста, және оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумақтарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз шаңды дауыл көтеріледі.
Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының бірқатар аумағында тұман болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түседі.