«Қазгидромет» РМК-ның бұрынғы басшылары сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның бұрынғы басшылары 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сұлтанов пен Андриановқа қатысты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, олар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Сот үкімі биылғы 3 шілде күні шығарылды.

Еске салсақ, 17 қаңтар күні «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ұсталды.

Олар ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағымен (пара алу) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды.

Бұдан кейін «Қазгидромет» өз қызметкерлерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдікті ретінде «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Р.И. Андрианов және «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Н.К. Сұлтанов ұсталды.

Соңғы жаңалықтар