Қазгидромет: Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жауын жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты маусымның 27-сі күні республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа райы құбылып тұрады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып хабарлайды.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, маусымның 27-сі күні аталған аумақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Дауыл тұрауы да мүмкін. Солтүстік өңірде кей жерлерде тұман түседі. Қазақстан территориясының қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы да ықтимал.

Қарағанда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, дауыл тұруы мүмкін.

Қызылорда облысының бірқатар аумақтарында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, дауыл тұрады.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Сондай-ақ күндіз Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар