Қазгидромет: республиканың басым аймақтарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы - қар жауып, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Алматы облысының кей аудандарында желдің жылдамдығы 20-25 м/с, күндіз жел екпіні 28 м/с дейін күшейеді, түнде кейбір жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысында және Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде түнде, күндіз кейбір жерлерінде бұрқасын жел (15-20 м/с) соғып, кейб жерлерінде тұман болады.

Ақмола облысының кейбір аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, таңертең және күндіз жел (15-20 м/с) тұрады.

Қостанай облысының және Қарағанды облысының кейбір жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облысының облысында көктайғақ болып, бұрқасынды жел (15 -20 м/с) тұрады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар