Қазгидромет өңірлердегі биылғы астық шығымына болжам жасады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық коммуналдық кәсіпорны бидай өнімділігіне болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алынған алдын ала есептік деректерге сәйкес, республиканың солтүстік жартысында 2022 жылғы жаздық бидайдың өнімділігі орташа көпжылдық мәнге жуық болады деп күтіліп отыр.

Мына өңірлерде астық шығымы орташа көпжылдық мәнге жуық және одан жоғары болады:

- Қостанай облысының Денисов, Қамысты, Қарабалық және Федоров аудандары;

- Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың, Жамбыл, Қызылжар және Мамлют аудандары;

- Ақмола облысы Сандықтау ауданы.

Орташа көп жылдық мәндерге жуық:

- Павлодар және Қарағанды облыстарында.

Мына өңірлерде нормадан жоғары:

- Алтайда, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы.

- Ақтөбе облысында, Мұғалжар ауданын қоспағанда.

- Батыс Қазақстан облысында, Бәйтерек және Сырым аудандарын қоспағанда.

Өнімділіктің соңғы болжамы тамыз айының басында нақтыланады.



Соңғы жаңалықтар